4-13 қазан аралығында Тихоокеанск орта мектебінде Республикалық қыздарды қорғау он күндігі өткізілді
4-13 қазан аралығында Тихоокеанск орта мектебінде Республикалық қыздарды қорғау он күндігі өткізілді
Халықаралық қыздар күні қарсаныңда мектепішілік онкүндік өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: қыз балаларымыздың қоғамдағы белсенді орнын жанықтай отырып, құқықтарының бұзылмауына жол бермеу және алдын алу. Іс-шара барысында қыздармен дөңгелек үстел, дәріс, сауалнама өткізілді. Мектепте жұмыс жасап жатқан «Қыз Жібек» клубының мүшелері «Әдеттен озбайық» атты 6-9 сынып қыздары арасында жиын өткізілді. Мектеп медбикесі Аймуканова А.К. 7-11 сынып қыздарына жүктілікті алдын алу тақырыбына «Қызға қырық үйден тыйым» атты дәріс оқып, олардың сұрақтарына жауап берді. 6 сынып жетекшісі Мурсали А. 6 сынып қыздарымен «Қыз қылығымен нәзік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.. Қыз балаларымызды әдептен озбай, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, бүгінгі таңда қыздармыздың құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер туралы өз ойларын ортаға салды. Тарих пәнінің мұғалімі Силам Х. «Менің құқығым» жасөспірімдер арасында атты құқықтық-танымдық сағатты ұйымастырды. Өткізілген шаралар барысында қыздарымыз сән күнін жариялап, киіну үлгісін ұсынған болатын. Жүргізілген сауалнама қортындысы бойынша мектеп қыздарын құқығын бұзатын, оларды төмендеу іс-әрекеттері байқалмады, әрі анықталған жоқ