Меню KDT

logo.png?_=1675492509

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»КММ
«Тайынша ауданының білім бөлімі»КММ
«Тихоокеанск негізгі мектебі»КММ
  • kz
  • ru
  • Хабарлар

     

    #Шынықсаң_шымыр_боласың #МАДС_ШО_сынып_сағаты


    Адамның рухани әлемі үшін - спорт маңызды. Спорт адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Жүрек қан тамырлары мен - қан қысым ауруларының алдын алады. Күйзеліске ұшыраған сәттерде спортқа ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті. Спорттың - адам өмірі үшін маңызы зор. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Дене жаттығулармен шұғылдануды әдетке айналдыру керек. Күнде спортпен айналасуды әдетке айналдырып алсаңыз күшті болары сөзсіз. Басында аз-аздан бірақ үздіксіз істеген жөн. Адам – әлеуметтік жаратылыс. Әлбетте отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорттың түрімен шұғылданудың, кейде бір жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ. Қажетті жаттығуларды жоспарлай біліңіз. Бастапқыда өзіңізге ұнайтын жаттығуларды жасаған жөн. Уақыт өте келе өз жемісін беретін болады. Спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Спорт пен шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.
    04.03.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор блогы

    Мектеп сайты сізге ұнады ма?

    Дауыс беру

    Полезные ссылки